$ 477.17  543.26  6.01

«Аңдып, күш қолданбақ болған»: Астанадағы саябақта ер адам бойжеткенге шабуыл жасаған

Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау бөлмесіне қамалды.

Фото: Астана ПД
Фото: Астана ПД

Астанада полициясы қала саябақтарының бірінде тұрғынға шабуыл жасалды деген хабарламадан кейін 27 жастағы ер адамның ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Зардап шеккен қыздың туыстарының айтуынша, 29 шілде күні таңертең белгісіз ер адам оған саябақта артынан келіп шабуыл жасаған және күш қолданбақ болған. Қыз қарсылық көрсетіп, қатты айқайлағаннан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші оның видеосын түсіріп үлгерген. Оқиғадан кейін полицияға арыз берілген.

Астана қалалық Полиция департаменті оқиға туралы хабарлама түскен бойда жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілгенін мәлімдеді. Нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, оның 27 жастағы ер адам екені белгілі болды. Ол ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Полицияның мәліметінше, ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Іс материалдары соттың қарауына жолданды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0