$ 476.07  541.86  6.08

Қордайдағы қайғылы апат: Трассада Lexus пен Tank 500 соқтығысып, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Жамбыл облысының Қордай ауданында Lexus пен Tank 500 автокөліктері қатысқан ауыр жол апаты болды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, Lexus жүргізушісі алдымен жол жиегіндегі металл қоршауға соғылған. Соққыдан кейін шыр көбелек айналған көлік жолдың жүру бөлігінде тоқтап қалған. Осы сәтте артынан келе жатқан Tank 500 жүргізушісі жылдамдықты азайтып үлгермей, Lexus-ке соқтығысады. Қайғылы оқиға салдарынан Lexus жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында тіл тартпай кетті. Ал көлікте болған кәмелетке толмаған жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0