$ 476.07  541.86  6.08

Қарағанды облысындағы алтын кенішінде жұмысшы қаза тапты

Оқиға 23 шілде, сағат 11:30 шамасында болған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы "Алтыналмас АК" АҚ өндірістік нысандарының бірі – "Пустынное" ТБК аумағында жазатайым оқиға болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға 23 шілде, сағат 11:30 шамасында болған.

"Пустынное" ТБК екінші саты ұсақтау корпусының конвейер машинисі қаза болды. Оқиғаның себеп-салдары мен мән-жайын уәкілетті органдар анықтап жатыр. Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғырып көңіл айтамыз, – деп жазылған хабарламада.

Компания марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсететінін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1