$ 467.65  533.26  5.96

Астанада нөсер жаңбыр: су басқан аумақтарда құтқару жұмыстары жалғасуда

Ведомствоның мәліметінше, ТЖМ бөлімшелері қалалық коммуналдық қызметтермен бірлесіп, елорданың бірнеше ауданында су тасқынының салдарын жоюға жұмылдырылған.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Астанада толассыз жауған жаңбырдан кейін су басқан аумақтарда авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ведомствоның мәліметінше, ТЖМ бөлімшелері қалалық коммуналдық қызметтермен бірлесіп, елорданың бірнеше ауданында су тасқынының салдарын жоюға жұмылдырылған.

Құтқарушылар су басқан көшелерде қалып қойған жеңіл көліктерді эвакуациялап, қауіпсіз жерге шығарып жатыр. Сонымен қатар тұрғындарға көліктерінен шығуға, қауіпсіз орынға жетуге көмектесіп, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын атқаруда.

ТЖМ мәліметінше, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жалғасып жатыр.

Министрлік Астана тұрғындары мен қала қонақтарына қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды, аса қажеттілік болмаса су басқан жолдарға шықпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуді ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0