Ал дәл сол күні сағат 08:50-ге жоспарланған Алматы – Дубай бағытындағы KC897 рейсі тоқтатылды.
Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты Air Astana Дубай бағыты бойынша бірқатар рейстердің кестесіне өзгерістер енгізгенін хабарлады,Sn.kz ақпарат порталы.
Әуе компаниясының мәліметінше, 12 шілде күні сағат 07:10-да Астанадан Дубайға аттанған KC205 рейсі кері қайтарылып, ұшып шыққан әуежайға қонады. Ал дәл сол күні сағат 08:50-ге жоспарланған Алматы – Дубай бағытындағы KC897 рейсі тоқтатылды.
Компания өкілдерінің айтуынша, жолаушылар билет құнын оны сатып алған орын арқылы толық көлемде қайтара алады. Сонымен қатар, рейстер кестесіне қатысты өзгерістер болса, бұл туралы қосымша ақпарат жарияланатыны айтылды.
Air Astana өңірдегі жағдайды жіті бақылап отырғанын және қажет болған жағдайда жолаушыларды елге қайтару мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді.
Әуе компаниясы жолаушыларға сапар алдында рейс мәртебесін міндетті түрде тексеріп отыруға кеңес берді. Себебі өңірдегі жағдайға байланысты ұшу және қону уақыттарына қосымша түзетулер енгізілуі ықтимал.