Күз жақындаса да, созылмалы жөндеу жұмыстары қала қозғалысын бұғаттап, жүргізушілерді әбден қажытты.
Семейде уақытша шара ретінде төселген брусчаткалар мен «жамау-жамау» жолдар айлар бойы сол күйі жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Билік мақтанған «100 көше – 100 жол» бағдарламасы аясында нақты қай көшелердің қалай жөнделгені тұрғындарға әлі күнге дейін беймәлім. Халық Көлік және автомобиль жолдары бөлімінен кедейдің киіміндей жыртық жолдарды қашан толық ретке келтіретінін ашық талап етіп отыр.
Абай облысы мен Семей қаласының әкімдігі халықтың қауіпсіз әрі сапалы жолмен жүру құқығын елемей, нақты әрекет жасауға асығар емес. Жыл сайын бөлінетін миллиондардың есебі мен мердігерлердің жауапкершілігін тексеретін құзырлы органдардың үнсіздігі де қоғамның ашуын тудыруда. Күз жақындаса да, созылмалы жөндеу жұмыстары қала қозғалысын бұғаттап, жүргізушілерді әбден қажытты.
Видео: mobilographer_semey