$ 486.47  554.77  6.26

Өскемен тұрғындары автобустардың сапасыз күйіне наразы

Жолаушылардың айтуынша, бағыттағы автобустардың іші қалың шаңға батып, орындықтары мүлдем тазаланбайтын күйге жеткен.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Өскемен қаласындағы Аблакетка шағын ауданына қатынайтын қоғамдық көліктердің мүшкіл халі әлеуметтік желіде үлкен талқылау тудырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жолаушылардың айтуынша, бағыттағы автобустардың іші қалың шаңға батып, орындықтары мүлдем тазаланбайтын күйге жеткен. Бұл санитарлық нормалардың өрескел бұзылуы күнделікті қатынайтын тұрғындардың денсаулығына елеулі қауіп төндіріп, үлкен қолайсыздық туғызуда.

Халық бұл мәселені бірінші рет көтеріп отырмағанын және тасымалдаушы компанияның мұндай немқұрайлылығына әбден шегіне жеткенін айтады.

 

Видео: vko_kz24

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0