Қоштасу рәсімі Шейх Кунта Қажы атындағы мешітте өтті.
Бүгін, 26 маусымда, Астанада әскердегі қызметі кезінде алған жарақатынан ұзақ уақыт емделіп, кейін қайтыс болған Ұлттық ұланның бұрынғы әскери қызметкері Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қоштасу рәсімі Шейх Кунта Қажы атындағы мешітте өтті. Ербаянды ақтық сапарға шығарып салуға жүздеген адам – туған-туыстары, жақындары, достары және оған жанашыр болған қазақстандықтар жиналды.
Сондай-ақ, рәсімге бір автобуспен келген Ұлттық ұланның өкілдері мен әскери қызметшілері қатысты. Алайда олар журналистердің сұрақтарына жауап беруден бас тартты.
Ер адамдар жаназа намазын оқып, кейін Ербаянның мәйіті жерлеу үшін зиратқа жеткізілді.