Қала тұрғындарының айтуынша, улы газдан көшеде ғана емес, тіпті өз үйіңде де дем алу мүмкін болмай қалған.
Ұлытау өңіріндегі мыс балқыту зауытынан шыққан улы түтін жергілікті жұрттың тынысын тарылтып, әбден сілесін қатырды.
Қала тұрғындарының айтуынша, улы газдан көшеде ғана емес, тіпті өз үйіңде де дем алу мүмкін болмай қалған.
Соңғы күндері халық арасында тамақтың жыбырлауы, демікпе, бас ауруы мен көздің жасаурауы сияқты белгілер жаппай белең алуда. Әсіресе, кішкентай балалар мен қарттардың жағдайы мәз емес. Ашынған халық жергілікті билік пен «Қазақмыс» басшылығынан шұғыл арада тәуелсіз тексеріс жүргізіп, ауаның сапасын анықтауды талап етіп отыр.
Елдің денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндірген бұл мәселені жылы жауып қоя салуға болмайды. Егер дәл қазір нақты шара қолданылмаса, бұл жағдай үлкен экологиялық апатқа әкеп соғуы әбден мүмкін.
Видео: @eto_ulytau