$ 491.37  570.48  6.78

Қазавтожолдың қаперсіздігі: Көкшетаудағы көлік қақпаны қай уақытқа дейін жалғасады?

Көкшетау қаласының Застанционный кентіндегі жол азабы жергілікті халықтың әбден сілесін қатырып бітті.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Әсіресе, Маяковский мен Лиза Чайкина көшелерінің қиылысындағы жолдың сиқы бүгінде атымен жоқ деуге болады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Осы шұңқырлардың кесірінен алты бірдей дөңгелегімді жарып алдым» деп налыған жүргізушілердің жанайқайын ресми орындар естігісі келмейтіндей. Ал жауын-шашын кезінде бұл маңайдағы ахуал тіпті ушыға түседі: су астында қалған ор-шұңқырлар көрінбей, жүргізушілер көліктерін көзсіз тәуекелмен айдауға мәжбүр. Жылдар бойы жөндеу көрмеген осы бір учаскеде жұрт дөңгелек пен аспалы бөлікті (подвеска) аман сақтау үшін күнделікті жанұшыра маневр жасайды.

Ел ішіндегі жол сапасына тікелей жауапты Қазавтожол мекемесі мен құзырлы органдардың бұл бассыздыққа неліктен көз жұма қарап отырғаны үлкен сұрақ. Тұрғындардың шағымынан көз ашпаған азапты жолдың қашан толыққанды ретке келетіні әлі күнге дейін белгісіз қалып отыр. Әлеуметтік желіде наразылық білдірген бұқара бұл салғырттыққа тезірек нүкте қойылып, жауапты тұлғалардың жауапқа тартылуын талап етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0