$ 489.33  566.3  6.74

Нұрлан Сабуровтың отбасы Мәскеуден Алматыға көшіп келді

Ол Instagram stories бөлімінде оқырмандарының сұрақтарына жауап берді. 

Фото: hellomagrussia.ru
Фото: hellomagrussia.ru

Танымал әзілкеш Нұрлан Сабуровтың әйелі Диана Сабурова әлеуметтік желідегі парақшасында Алматыға көшіп келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол Instagram stories бөлімінде оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, енді Алматыда тұрақты тұратынын жеткізді.

«Көпшілік менің Алматыға қонаққа келген-келмегенімді сұрап жатыр. Жоқ, мен енді осы қалада тұрамын», – деп жазды Диана Сабурова.

Кейін ол жұбайы Нұрлан Сабуровпен бірге спорт залында түскен суретін де жариялады.

Айта кетейік, бұған дейін биыл ақпан айында Нұрлан Сабуровтың Ресей аумағына кіруіне 50 жыл мерзімге тыйым салынғаны туралы ақпарат тараған болатын. Мәліметтерге сәйкес, ол Дубайдан ұшып келгеннен кейін Мәскеудегі Внуково әуежайында ұсталып, артынша Алматыға ұшып кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0