$ 489.33  566.3  6.74

Трасса емес, тозақ: Қостанай - Ұзынкөл жолын кім келемеж қылды?

Жергілікті жол қызметтері шұңқырларды бітеген сыңай танытқан екен.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Қостанай мен Ұзынкөл арасындағы жолдың сиқы қашқалы қашан? Күнделікті осы бағытта қатынайтын жұрттың шыдамы таусылды. Желіде тараған мына бір бейнежазбадан соны анық көруге болады.

Жергілікті жол қызметтері шұңқырларды бітеген сыңай танытқан екен. Алайда олардың «еңбегі» еш кетті.
Сапасыз құм мен ұсақ тастың қоспасы көліктердің алғашқы ағынына да шыдас бермеген.

Көзбояушылықпен себілген қоспа сәт үтірімен-ақ қайтадан орылып, жолдың бұрынғыдан да сорақы сиқын шығарды. Жолдың азабын тартқан жүргізушілер көліктерін аман сақтау үшін жылдамдықты барынша азайтып, шұңқырларды айналып өтуге мәжбүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0