$ 488.59  564.37  6.79

Талдықорғанда көпқабатты үйден бір жасар сәби құлап кетті

Алдын ала мәлімет бойынша, шамамен бір жастағы сәби жоғарғы қабаттардың бірінен құлап кеткен.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Талдыкорғанда 4-ықшам ауданда орналасқан бес қабатты үйлердің бірінің маңынан ауыр жарақат алған кішкентай бала табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, шамамен бір жастағы сәби жоғарғы қабаттардың бірінен құлап кеткен.

Оқиға орнына куә болған тұрғындар бірден жедел жәрдем шақырған. Бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оған қажетті медициналық көмекті көрсетіп, өмірі үшін күресіп жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, госпитализация кезінде баланың да, ата-анасының да жеке басы әлі анықталмаған. Сондай-ақ қай пәтерден құлағаны да белгісіз.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда, баланың жағдайы туралы ақпарат нақтыланып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0