$ 488.59  564.37  6.79

Шымкент – Астана рейсінде 7,6 млн теңге ұрланды

Олар кінәларын мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Криминалдық полиция қызметкерлері ұшақ бортында аса ірі көлемдегі ақша ұрлығын ізін суытпай ашты, деп хабарлайды «24KZ».
 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдіктілер Шымкент – Астана бағытындағы әуе рейсі кезінде жәбірленушінің салғырттығын пайдаланып, оған тиесілі 7,6 млн теңгені жымқырған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер бірден ұсталды.  

Олар кінәларын мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар шетел азаматтарының осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.  Тәртіп сақшыларының кәсіби шеберлігі мен жедел әрекетінің арқасында ұрланған ақша қаражаты толық көлемде заңды иесіне қайтарылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0