$ 488.59  564.37  6.79

Павлодар өңірінде маса қаптады

Мұндай қолайсыз жағдай соңғы 2-3 күнде белең алған.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

 

Павлодар облысының бірнеше ауылында масаның шектен тыс көбеюі тіркеліп, жергілікті тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр. Ауыл тұрғындарының айтуынша, жәндіктердің тым көп болуы күнделікті тіршілікке айтарлықтай кедергі келтіруде. Тіпті тұрғындардың үйлерінен сыртқа шығуы қиындаған. Жағдайды құзырлы органдар бақылауға алды Маса қаптаған елді мекендерге Жер қойнауын пайдалану басқармасы мен жергілікті әкімдік өкілдері арнайы барды. Мамандар жүргізген тексеріс жұмыстарынан кейін, қанатты шыбын-шіркейдің жаппай көбейгені туралы дерек ресми түрде расталды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, мұндай қолайсыз жағдай соңғы 2-3 күнде белең алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0