$ 488.59  564.37  6.79

«Қазақмыстағы» жалақы көлемі жария болды: Жұмысшылар қанша алады?

Компаниялар тобы бойынша орташа еңбекақы көлемі 822 мың теңгеден жоғары.

Фото: Қазақмыс
Фото: Қазақмыс

Қазақстандағы ірі өндірістік кәсіпорындардағы жалақы мәселесі қоғам талқысына жиі түседі. Әсіресе, өз өңірлеріндегі ең ірі жұмыс берушілер саналатын компаниялардың еңбекақы деңгейі көпшіліктің назарында болады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Солардың бірі – «Қазақмыс» корпорациясы. Компания бұған дейін жариялаған мәліметтерге сәйкес, жерасты мамандықтары бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің орташа жалақысы 1,3 миллион теңгеден асады. Ал компаниялар тобы бойынша орташа еңбекақы көлемі 822 мың теңгеден жоғары.

Салыстыру үшін айта кетсек, Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстандағы орташа айлық жалақы шамамен 461 мың теңгені құраған. Демек, «Қазақмыс» қызметкерлерінің табысы елдегі орташа көрсеткіштен едәуір жоғары.

Компания қызметкерлердің еңбекақысын кезең-кезеңімен индекстеу жұмысын да жалғастырып келеді. 2026 жылдың ақпан айында жұмысшыларға өткен жылғы инфляция деңгейіне сәйкес 12,3 пайыз көлемінде біржолғы индексациялық төлем жасалды. Сонымен қатар тоқсан сайынғы сыйақы төлеу жүйесі сақталған.

Жалақыдан бөлек, компания қызметкерлері ұжымдық шартта қарастырылған әлеуметтік кепілдіктерге де ие. Олардың қатарында түрлі өтемақы төлемдері, жұмысшылар мен олардың отбасы мүшелеріне көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары бар.

Бүгінде «Қазақмыс» кәсіпорындары Ұлытау облысы мен еліміздің бірқатар өнеркәсіптік өңірлеріндегі ең ірі жұмыс берушілердің қатарында. Тау-кен металлургия саласындағы еңбек ақы деңгейі дәстүрлі түрде ел экономикасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0