$ 488.59  564.37  6.79

Астанада жер үй отқа оранды

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Астанадағы жеке тұрғын үйде шыққан өрт құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында сөндірілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға түнгі уақытта болған. “112” қызметіне Алматы ауданындағы Таскескен көшесінде орналасқан тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үйдің шатыры мен шаруашылық нысанының отқа оранғанын анықтаған.

“ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде 20 шаршы метр аумақтағы өрт толық сөндіріліп, жалынның одан әрі таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ”, - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0