$ 487.44  567.38  6.62

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы (ВИДЕО)

Жобаның жаңа шығарылымында Qala командасы бұл жоспарлардың бүгінде қалай жүзеге асып жатқанын талдайды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Жаңа адамдардың Qala жобасының жаңа шығарылымы бүгінде Қазақстандағы ең ауқымды әрі ең көп талқыланатын жобалардың бірі — Алатау қаласына арналды. Даму жоспарына сәйкес, ғасыр ортасына қарай Алатау шамамен екі миллион халқы бар, заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған, ерекше экономикалық режим негізінде жұмыс істейтін ірі мегаполиске айналуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел болашағының цифрлық экономикамен және жаңа индустрияландырумен тікелей байланысты екенін бірнеше рет еске салды. Alatau City осы бағытты іске асыратын алғашқы толық цифрлық қала ретінде қарастырылады. Мұнда инфрақұрылым, қалалық қызметтер мен экономика үлкен деректерге, заманауи технологияларға және «ақылды» басқару қағидаттары бойынша жұмыс істейді. Бүгінде қаланың дамуы осы басымдықтар арқылы айқындалады.

«Жақында мен “Алатау қаласының ерекше құқықтық режимі туралы” Конституциялық заңға қол қойдым. Бұл маңызды құжатта “ақылды қала” экожүйесін қалыптастырудың құқықтық негіздері бекітілген. Біздің басты мақсатымыз — Алатау қаласын болашақтың цифрлық агломерациясына, жаңа технологиялар орталығына айналдыру», — деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте ерекше атап өтті.

Жобаның жаңа шығарылымында Qala командасы бұл жоспарлардың бүгінде қалай жүзеге асып жатқанын талдайды. Басты назарда — Алматы қаласы мен Алатау қаласының құрамына кіретін Жетіген ауылы тұрғындарының пікірлері. Біреулер үшін бұл — болашақтың іргелі жобасы болса, енді біреулер үшін үйлерінің маңында басталған нақты өзгерістер.

Жаңа шығарылымда көрермендер болашақ қаласының тұжырымдамасы, Алатаудың төрт дистриктке бөлінуі, ұшатын таксилер туралы мәлімет алып, сәулетші әрі урбанист Жандос Жұмабаев пен жобаға қатысып жатқан мамандардың пікірлерін тыңдай алады.

Алихан Сарсенов, Жаңа адамдар:

«Алатау — Әділетті Қазақстанды құру жолындағы үлкен қадам. Бұл қолданыстағы мегаполистің жалғасы емес, мүлде жаңа даму нүктесі. Қаланың қандай болатыны тек жоспарлар мен инвестицияларға ғана емес, оны өз қаласы деп атайтын адамдарға да байланысты. Біз қоштаспаймыз. Сіздермен болған — QALA жобасы».

Толық шығарылым сілтемесі: https://youtu.be/UmUJpe4vMSw

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0