$ 485.55  563.38  6.81

«Бесінші баласын босанғанын ұмытып қалған»: Ақбаян Мұқанғалиеваның жағдайы әлі де белгісіз

Атыраудағы қанды оқиға: Туыстары Ақбаянның жағдайы туралы айтты.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Атырауда Жангелдин ауылында төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі жалғасып жатқанда, оның бұрынғы жұбайы - қаза тапқандардың қызы әрі қарындасы Ақбаян Мұқанғалиеваның жағдайы психиатрлар тұрғысынан әлі де белгісіз болып қалуда, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Baq.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әйелді алдымен Атырауда тексеріп, кейін Алматыдағы стационарлық кешенді сот психологиялық-психиатриялық сараптамасына жіберген. Алайда, бұдан кейін де мамандар көпшілікке жарияланған нақты бір қорытындыға келмеді және «әрі қарай бақылау мен нақтылау диагностикасын жүргізуді» ұсынды, - деп хабарлады Атырау облысының прокуратурасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1