$ 472.48  550.06  6.59

«Құтырып той жасағанша, осылай қуантсын»: Марқұм сыныптасының отбасына үй сыйлаған шымкенттік түлектер елді сүйсінтті (ВИДЕО)

Машаллах жасай беріңдер бауырлар, Аллах берекелі үй қылсын!

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Түркістан облысының Арыс қаласының түлектері марқұм болған сыныптасының отбасына үй сыйлады. Олардың бұл әрекеті халықты сүйсінтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желіде Арыс қаласындағы «Сәкен Сейфуллин» атындағы мектептің 20 жылдық түлектерінің марқұм болған сыныптасының отбасына үй сыйлаған видеосы тарады. Көпшілік олардың бұл әрекетіне сүйсініп, алғысын жаудырған.

«20 жылдық түлектер жарайсыңдар, басқа зат алғанша,ең дұрыс іс істедіңіздер», «Құтырып Көкпар беріп, ұланасыр той жасап, әншілерді шакырып жыртылғанша, мына бүлдіршіндерге үміт болашағына үлкен үміт сыйлады. Машаллах жасай беріңдер бауырлар, Аллах берекелі үй қылсын!!!», «Керемет! Құтты болсын! 20 жылдық түлектер ең керемет жастағы адамдар ғой! 10 ж жастар, 30 ж өздері бала оқытып, құда-құдағи болып отырады! 20 ж жұмыла жүк көтеруге нағыз уақыт» деп жазды олар. 

Айта кетейік, бұған дейін БҚО Жалпақтал ауылының 20 жылдық түлектері ауылға Эйфель мұнарасын салып, елдің ыстық ықыласына бөленген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0