Халық енді жауапты мердігердің өз қателігін түзетіп, жолды қайта жөндеуін талап етіп отыр.
Петропавлдың жол жыры бітер емес. Радищев көшесіндегі жаңадан төселген асфальт бір маусымға да шыдамай, быт-шыты шыға бастады. Жолдың беті торланып, жарылып, опырылуға шақ тұр.
Тұрғындардың ашулануы орынды: бюджеттің миллиондаған қаржысы кімнің қалтасына кетті және бұл сапасыз жұмысқа нақты кім жауап береді? Әлеуметтік желіде тараған мына кадрлардан жолдың сапасы көрініп-ақ тұр. Жол жөндеу жұмыстары бір жазға емес, жылдарға қызмет етуі тиіс емес пе еді?
Бұл мәселені ЖСДП (ОСДП) партиясы өз бақылауына алып, ресми органдарға тексеріс жөнінде хат жолдады. Халық енді жауапты мердігердің өз қателігін түзетіп, жолды қайта жөндеуін талап етіп отыр.