18.05.2026, 12:40

Қаза тапқандар бар: Қытайдың оңтүстігінде жер сілкінді

Фото: The Nation

Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы Лючжоу қаласында 5,2 балдық жер сілкінісі болды.

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында магнитудасы 5,2 балл болатын жер сілкінісі салдарынан екі адам қаза тауып, бір адам із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Дүйсенбіге қараған түні Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы Лючжоу қаласында 5,2 балдық жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек бойынша жедел штабтың хабарлауынша, оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бір адам із-түссіз жоғалып кеткен.

Ғимараттардың опырылғаны туралы ақпарат тарады.