Видеода әншімен суретке түсуге келген кейбір ер азаматтардың өзін құшақтай беретініне қатысты пікір білдіргені көрінеді.
Әлеуметтік желіде танымал әнші Алтынай Жорабаева қатысқан тойдан видео тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Видеода әншімен суретке түсуге келген кейбір ер азаматтардың өзін құшақтай беретініне қатысты пікір білдіргені көрінеді.
«Құшақтамай-ақ суретке түсуге болады ғой. Әр ер адам келіп құшақтай береді. Егер сіздердің әйелдеріңізді бейтаныс ер адамдар осылай құшақтай берсе, ұнар ма еді?», - дейді әнші.
Желі қолданушылары бұл жағдайға қатысты түрлі пікір білдіріп, видео қызу талқыға түсті.