17.05.2026, 18:30

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен, Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Шет мемлекеттер басшылары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап,  Қазақстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметі одан әрі табысты болуына тілектестіктерін білдірді.

Сонымен қатар тараптар екіжақты және сан қырлы күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.