Оның сөзінше, әкесімен ашық сөйлесуге мүмкіндігі болмаған.
Актер Тәуекел Мүсілім әкесі туралы жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі бұл туралы Zamandas подкастында айтты. Оның сөзінше, әкесімен ашық сөйлесуге мүмкіндігі болмаған.
“Әкем 2010 жылы өмірден өтті, онымен ашық сөйлесе алмадым. Егер әкем тірі болғанда оған барып, бірге сөйлесер едім. Неге өзін бұлай ұстады, неге бізді тастап кетті, неге суық болды, осы жайлы сұрар едім. Әкем маған қатты жетпеді, кез келген жігіт үшін солай деп ойлаймын. Жанымда болғанын, қолдағанын қаладым. Бірақ оның болмауынан баланың қасында әкенің болуы қаншалықты маңызды екенін түсіндім”, — деді актер.