09.05.2026, 23:30

ШҚО-дағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Фото: aa.com.tr

Қайғылы жағдай 9 мамыр күні болған.

Шығыс Қазақстан облысындағы «Востокцветмет» ЖШС-не қарасты Артемьев шахтасында жазатайым оқиға болып, салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы KAZ Minerals компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 9 мамыр күні болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шаң мен желдету қызметінің механигі шамамен тоғыз метр биіктіктен құлап, өмірге қауіпті жарақат алған», – делінген хабарламада.

Компания мәліметінше, оқиғаның себептері мен мән-жайын арнайы комиссия анықтап жатыр. Қазір тергеу жүргізілуде.

Жұмыс беруші қаза тапқан адамның отбасына барлық қажетті көмекті көрсететінін мәлімдеді.

Тегтер: шахта жұмысшы