Түркістан қаласындағы Юсупов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй аумағында 1976 жылы туған әйел белгісіз жағдайда суы бар терең құдыққа құлап кеткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Құдықтың тереңдігі шамамен 12 метр болған.
Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері жедел құтқару жұмыстарын жүргізіп, зардап шеккен әйелді құдықтан шығарып алып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.