Тіпті кей көшелерде жаяу жүрудің өзі қиын болған.
Ақтөбеде жауған нөсерден кейін көшелер көлге айналып, тұрғындар су кешіп жүр. Әлеуметтік желіде тараған видеода жастар супермаркеттің арбасын “қайық” қылып мінгені көрінеді.
Кадрлардан жол жиегін түгел су басқанын байқауға болады. Тіпті кей көшелерде жаяу жүрудің өзі қиын болған.
Желі қолданушылары “Ақтөбеде жаңа қоғамдық көлік пайда болды” деп әзілге айналдырып жатыр. Ал кей тұрғындар қаладағы кәріз жүйесінің тағы да сыр бергенін айтып, наразы пікір қалдырған.
Нөсерден кейін бірнеше ауданның көшесін су алғаны туралы ақпарат тарады. Қазір видео TikTok пен Instagram-да қызу талқыланып жатыр. “Жаңбыр жауса болды, қала көлге айналады” деген пікірлер де көбейген.