Ал желідегі видео қысқа уақыттың ішінде мыңдаған қаралым жинап үлгерді.
Атыраудағы балалар ойын алаңында қауіпті жағдай түсіп қалған видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Кадрда сырғанақтың ортасы қақ айырылып, үлкен тесік пайда болғаны көрінеді. Мұндай жерде бала ойнаса, ауыр жарақат алуы мүмкін екенін желі қолданушылары жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Белсенді Рүстем Баязиев те әкімдікке сауал тастап, “Балалардың қауіпсіздігі қашан назарға алынады?” деп ашық наразылық білдірді. Желіде көпшілік “ойын алаңдарын қабылдап алғанда ешкім тексермей ме?” деген сұрақ қойып жатыр. Тұрғындардың айтуынша, кейбір аулалардағы ойын құрылғылары ескіріп кеткен. Әсіресе көктем шыға балалар көп ойнайтын кезде мұндай ақаулар қауіпті. Әкімдік әзірге бұл жағдайға қатысты ресми пікір жариялаған жоқ. Ал желідегі видео қысқа уақыттың ішінде мыңдаған қаралым жинап үлгерді.