Болжамға сәйкес, жауын-шашынсыз ауа райы республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана сақталады.
Синоптиктер 7 мамыр, бейсенбі күнге арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті метеорологиялық құбылыстарға қатысты болжам ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, Отан қорғаушылар күні қазақстандықтарды жаңбырлы ауа райы күтіп тұр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Болжамға сәйкес, жауын-шашынсыз ауа райы республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана сақталады.
«Солтүстік-батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағаймен бірге жаңбыр әкеледі. Елдің батысында және солтүстік-батысында қатты жаңбыр, бұршақ, екпінді жел күтіледі... Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік пен оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін», – деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.