$ 465.01  543.55  6.15

Өскеменде жантүршігерлік жол апатынан 3 жас жігіт қаза тапты

Жап-жас үш жігіт қатар қаза тапты.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Өскемен қаласының жанындағы Первомай кентінде ірі жол апаты орын алып, үш жас жігіт қаза тапқан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Первомай кентінің әкімдігі ресми сайттарында үш жігіттің отбасына көңіл айтып, ата-аналарға ескерту жасаған.

«Біздің кентімізде ауыр қаза орын алды. Жап-жас үш жігіт қатар қаза тапты. Бұл балалардың ата-аналары мен отбасыларына қайғыра көңіл айтамыз. Және баласы мотоцикл мініп, көлікке отыратын балалардың ата-аналары мынаны қаперге алса дейміз: оларға жылдамдықтың «жау» екенін айтып, қауіпсіздік ережелерін үйретсеңіздер», - деп жазылған ақпаратта.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті оқиғаны растап, жол апатының себебі анықталып жатқанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0