$ 465.01  543.55  6.15

ІІМ Қайсар Қамзаға қатысты пікір білдірді

Журналистер кулуарда Қайсар Қамзаның Вьетнамда жүргенін және өзін ешкім ұстамағанын айтып видео жариялағанын атап өтті.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов блогер Қайсар Қамзаға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Журналистер кулуарда Қайсар Қамзаның Вьетнамда жүргенін және өзін ешкім ұстамағанын айтып видео жариялағанын атап өтті. Осыған байланысты БАҚ өкілдері ІІМ-нен блогердің Қазақстанға қашан оралатынын сұрады.

Блогерге біздің Қаржы мониторингі агенттігіндегі әріптестеріміз іздестіру жариялады. Сонымен қатар оны елге қайтару мәселесімен Бас прокуратура айналысып жатыр, – деді Әділов.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0