Зардап шеккендерді іздеу жұмысы жүріп жатыр.
Бектенов «Казцинк» компаниясындағы жағдай бойынша тапсырма берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол үкімет отырысы басталмас бұрын Төтенше жағдайлар және экология министрліктеріне, сондай-ақ облыс әкімдігіне тиісті шаралар қабылдап, нәтижелері туралы өзіне баяндауды тапсырды.
«Бұл мәселе менің жеке бақылауымда», – деді премьер.
Соңғы мәліметтер бойынша, Өскемен қаласындағы зауыт аумағында болған жарылыстан кейін 4 адам медициналық мекемеге жеткізілген. Зардап шеккендерді іздеу жұмысы жүріп жатыр.