$ 462.91  542.16  6.16

Ішінде 5 бала болған: Павлодарда тұрғын үй отқа оранды

Ведомство мәліметінше, тілсіз жау бірінші қабаттағы пәтерден шыққан.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Павлодар қаласында көпқабатты үйде шыққан өрт салдарынан тұрғындар түтінге тұншықты, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер нысанның кіре берісіндегі қою түтінді байқаған.

Ведомство мәліметінше, тілсіз жау бірінші қабаттағы пәтерден шыққан. Құтқарушылар өртті қысқа уақыт ішінде оқшаулап, жалынның таралуына жол бермеді.

"Құтқарушылар бірінші қабаттағы пәтерде 10 шаршы метр аумақта үй жиһаздары мен тұрмыстық заттардың жануын жедел түрде сөндірді",  – делінген ведомство ақпаратында.

Құтқару жұмыстары барысында өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы 15 адамды, оның ішінде 5 баланы сыртқа алып шыққан. Тағы 20 тұрғын өз бетінше эвакуацияланған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0