Түменованың қазасын мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи әлеуметтік желідегі парақашасында хабарлады.
Белгілі саясаткер әрі қоғам қайраткері Бақыт Түменова өмірден өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Түменованың қазасын мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи әлеуметтік желідегі парақашасында хабарлады.
“Бақыт апай Түменова қайтыс болды деген хабар жетті. Иманың саламат болсын, Алтын Адам! Жарқын бейнеңіз жүрегіміз соңғы соғысына дейін сақталады”, – деп жазды депутат.
Айта кетейік, Бақыт Түменова 1948 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1972 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын "педиатрия" мамандығы бойынша тәмамдаған.