$ 464.86  544.03  6.14

Алматыда ер адам автобус ішінде кішкентай қызға жыныс мүшесін көрсеткен (ВИДЕО)

Оның видеосы әлеуметтік желіге тарады.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Алматыда ер адам қоғамдық көлікте жыныс мүшесін жалаңаштаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның видеосы әлеуметтік желіге тарады. Куәгерлердің айтуынша, ол кәмелетке толмаған қыздың көзінше арсыз әрекет жасаған.

Алматы қаласының Полиция департаменті бейнематериалдың таралу фактісі бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

«Қазіргі уақытта оқиғаның болған орны мен уақыты, сондай-ақ құқық бұзушының жеке басы анықталуда. Мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіп нормаларын өрескел бұзады және оларға жол берілмейді», - делінген хабарламада.

Барлық мән-жайлар анықталғаннан кейін кінәлі тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0