Облыстық ТЖД мәліметінше, тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 9-қабатында орналасқан көршілес екі екі бөлмелі пәтер жанған.
Алматы облысы Иргелі кентіндегі «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде жексенбі күні жоғарғы қабаттағы пәтерлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт бірнеше тұрғын үйді шарпыған. Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп, тілсіз жауды ауыздықтау жүріп жатыр.
Облыстық ТЖД мәліметінше, тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 9-қабатында орналасқан көршілес екі екі бөлмелі пәтер жанған.
«Баспалдақ арқылы 25 адам эвакуацияланды, оның ішінде 7 бала бар. Өз бетінше 20 адам эвакуацияланды, оның 5-еуі бала. Өрт сөндіру бөлімшелері жоғары дәрежелі шақырту бойынша жұмыс істеді. Өрттің өзге пәтерлерге таралуына жол берілген жоқ», – деп хабарлады ведомство.
ТЖД мәліметінше, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.