$ 464.86  544.03  6.14

Қарағандыда көлік ішінен мәйіт табылды

Бұл туралы Қарағанды облысының полиция департаменті хабарлады.

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

Қарағандыда тұрақта тұрған көліктердің бірінен пышақ жарақаттары бар әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Қарағанды облысының полиция департаменті хабарлады.

«22 сәуірде Қарағанды қаласында Төлепов көшесіндегі тұрақта тұрған көліктен 34 жастағы әйелдің денесі табылды», - делінген полиция хабарламасында.

Полиция «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қылмысты жасады деген күдікпен 35 жастағы ер адам қазір анықталып, ұсталды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0