Әр компанияға 100 айлық есептік көрсеткіш (432 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Қазақстанда әуе отынына қатысты деректерді бұрмалағаны үшін ірі авиакомпаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Көлік министрлігінің мәліметінше, әуе отынымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізілген тексеру барысында "Air Astana" АҚ мен "FlyArystan" АҚ тарапынан авиаотын көлеміне қатысты бұрмаланған ақпарат ұсынылғаны анықталған.
Осыған байланысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес аталған авиакомпанияларға әкімшілік шаралар қолданылды.
Осылайша, әр компанияға 100 айлық есептік көрсеткіш (432 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Министрлік өкілдері мұндай бақылау шаралары авиация саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету және отын ресурстарын тиімді басқару мақсатында жүргізіліп жатқанын атап өтті.