Танымал театртанушы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының тұңғыш ректоры Гүлжихан Жаныспаева дүние салды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Гүлжихан Әбуқызы ғибратты ғұмырын өнерге арнап, отандық театр өнері дамуына, саланың бірнеше буын майталманын тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосқан.
"Еңбек жолын 1955 жылы Мәдениет министрлігінде театр инспекторы қызметінен бастап, кейін Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының, Алматы мемлекеттік театр-көркемөнер институтының, бүгінгі Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының тұңғыш ректоры қызметін абыроймен атқарды. Қоғамдық өмірге де белсене араласып, бірнеше мәрте қалалық және аудандық кеңестің депутаты болып сайланды", - деп жазылған Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарламасында.
Министрлік марқұмның жақындарына, туыстарына көңіл айтты.