Ал полиция мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғады.
Астана қаласындағы мектептердің бірінде мұғалімнің қатысуымен даулы жағдай орын алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Партаның астынан түсірілген бейнежазбада ер адамның, болжам бойынша ұстаздың, оқушыларға дөрекі қарым-қатынас жасағаны көрінеді: оларға шапалақ беріп, былапыт сөздер айтып, дауысын көтерген.
Қаланың білім басқармасы оқиға қызметтік тексеру кезінде анықталғанын алға тартты.
Мұғалім Еңбек кодексінің 52-бабының 1-тармағы, 14-тармақшасына сәйкес – тәрбиелік қызмет атқаратын қызметкердің моральдық ережелерге сәйкес келмейтін әрекеті үшін қызметінен босатылды.
"Қосымша тәртіптік шаралар да қабылданды. Мектеп директоры мен оның орынбасарлары жеке жауапкершілікке тартылып, ресми ескертулер берілді", – делінген хабарламада.
Ал полиция мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғады.