$ 475.09  551.06  5.87

Астанада жүргізушілер көше ортасында жолға таласып, төбелес шығарған (ВИДЕО)

Ашуға бой алдырған ер адамдар көліктерінен түсіп, бір-біріне жұдырық ала жүгірген.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Астанада жол үстіндегі жанжал төбелеске ұласты. Екі жүргізуші көлік қозғалысы кезінде ортақ шешімге келе алмай, ақыры мәселені күш қолдану арқылы шешпек болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Куәгерлердің сөзінше, бастапқыда қарапайым түсініспеушілік болған жағдай бірден ушығып кеткен.

Ашуға бой алдырған ер адамдар көліктерінен түсіп, бір-біріне жұдырық ала жүгірген.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері жанжалға қатысушыларды анықтап, оларды бөлімшеге жеткізді.

Нәтижесінде екі жүргізуші де ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен айыппұл төлеуге міндеттелді.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерге сабыр сақтаудың маңызын тағы бір мәрте еске салды.

Мамандардың айтуынша, жолдағы ашу-ыза тек айыппұлға ғана емес, одан да ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0