$ 482.33  557.57  5.74

Ақмола облысындағы шахтадан жұмысшының денесі табылды

Ал облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша суицид фактісімен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Фото: Kazinform
Фото: Kazinform

Ақмола облысындағы Ақсу кенішінің учаскесінде жұмысшы өлі күйінде табылды. Оқиға бойынша суицид фактісімен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ақмола облысы бойынша еңбек инспекциясы департаментінің мәліметінше, 2026 жылғы 24 наурыз күні ведомствоға «АК Алтыналмас» АҚ заңгерінен Ақсу кенішінің учаскесінде болған жазатайым оқиға туралы хабарлама түскен.

Ведомствоның хабарлауынша, аталған оқиға бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті арнайы тергеу жүргізеді.

Ал облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша суицид фактісімен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0