$ 486.2  557.82  6

Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан 5 адам көз жұмды (ВИДЕО)

Оқиға Ақтөбе-Атырау тасжолының Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы маңында болды.

Фото: instagram.com/aktobe_zello
Фото: instagram.com/aktobe_zello

 Полиция қазір тергеу жүргізіп жатыр. Бір адам Байғанин аудандық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға Ақтөбе-Атырау тасжолының Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы маңында болды.

«ВАЗ» және «DAF» автокөліктері соқтығысқан. 

— Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Аталған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0