$ 486.2  557.82  6

Семейде шұрық-тесік жолдан жүргізушілер зардап шегіп жатыр

Тұрғындар бұл жолдың жағдайы бірнеше жылдан бері өзгермегенін айтады.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Семей қаласында жол мәселесі тағы да тұрғындардың ашуын туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қаладағы Кирпичный ауданынан Жоламан бағытына қарай өтетін өткелде асфальт әбден ойылып, үлкен шұңқырлар пайда болған. Жүргізушілердің айтуынша, бұл жерден көлікпен қалыпты жүру мүмкін емес, көпшілік шұңқырларды айналып өтемін деп қарсы бағытқа шығып, қауіпті жағдай туындайды. Тұрғындар бұл жолдың жағдайы бірнеше жылдан бері өзгермегенін айтады.

Әсіресе көктемде еріген қар мен жауыннан кейін шұңқырлар тереңдеп, көліктің подвескасына зақым келетін болған. Соның салдарынан кейбір жүргізушілер жөндеу жұмыстарына қосымша ақша шығарып жатыр.

Бұған дейін жергілікті әкімдік өкілдері жол уақытша жөнделетінін айтып, шұңқырларға брусчатка төселеді деп уәде берген. Алайда тұрғындардың сөзінше, арада біраз уақыт өтсе де, мәселе сол күйі шешілмеген.

Қала ішінде негізгі бағыттардың бірі саналатын бұл жолдың қазіргі жағдайы қозғалысты қиындатып, кептеліс пен қауіптің көбеюіне себеп болып отыр.

Тұрғындар әкімдіктен уақытша емес, сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізуді талап етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0