$ 486.2  557.82  6

БҚО-да жасөспірімді зорлады деген бұрынғы шенеунік қайтыс болды

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі мәліметті растады.

Фото: istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысында 16 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталған бұрынғы шенеуніктің қайтыс болғаны жөнінде әлеуметтік желіде мәлімет тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Онда марқұмның 16 наурызда дүниеден өткені, бейсенбі күні жерленетіні айтылған.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі мәліметті растады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 16 жастағы қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ БҚО-да бұрынғы шенеуніктің 16 жастағы қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынғаны хабарланды.

Орал қаласы мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен күдікті екі айға қамауға алынған болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#БҚО #шенеунік