$ 486.2  557.82  6

«Халдері ауыр»: Щучинскіде зардап шеккендер жайлы тың мәлімет шықты

«Центр плова» дәмханасында болған жарылыстан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Щучинскідегі жарылыстан зардап шеккен екі науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы бір адам травматология бөліміне жатқызылса, біреуі үйіне жіберілген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы «Центр плова» дәмханасында болған жарылыстан зардап шеккендердің қазіргі жағдайына тоқталды.

Ведомство дерегінше, жансақтау бөліміндегі екі пациенттің жағдайы әлі де ауыр. Аурухана қызметкерлері оларға тәулік бойы қажетті медициналық көмек көрсетуде.

Бір пациент ауруханадан шығарылды, тағы біреуі травматология бөлімінде комбустиологтардың бақылауында. Щучинск қаласындағы «Авиценна-Бурабай» стационарында қазір науқастар жоқ. Олар облыстық көпбейінді ауруханаға ауыстырылды, – деп атап өтті басқарма өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0