$ 491.29  562.92  6.1

Көкшетауды тағы су басты: Көпқабатты үйлердің алды көлге айналды

Бұл жағдай қарсы беттегі «Kokshetau Mall» сауда орталығының маңында болған.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Көкшетау қаласында коммуналдық мәселелер тағы да тұрғындардың ашуын туғызды. Абылай хан даңғылы, 24-үйдің маңында қар еріген су жиналып, көпқабатты үйдің айналасы түгел көлге айналған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тұрғындардың айтуынша, су бірнеше күннен бері тартылмай тұр. Жаяу жүру мүмкін емес, ал көліктер батпақ пен суға батып, ауладан шығу қиындаған. Әсіресе, балалар мен қарттарға қозғалу қиын болып қалған.

Мұндай жағдай Көкшетауда жыл сайын қайталанады. Соған қарамастан, қала әкімдігі көктемгі су тасқынына дайындықты әлі күнге дейін дұрыс ұйымдастыра алмай келеді деген сын айтылып жатыр. Қарапайым арық жүйесі мен су бұру мәселесі шешілмей, тұрғындар тағы да қиындық көріп отыр.

Жергілікті халық жауаптылардан нақты шара қабылдауды талап етеді. Өйткені әр көктем сайын қайталанатын бұл мәселе уақытша емес, жүйелі проблемаға айналған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0