Жүргізуші болса, қауырсынды «қонақ» басында отырғанына қарамастан, рөлде сабыр сақтап, орнынан қозғалмай отырған.
Әлеуметтік желілерде көліктің ішінде түсірілген ерекше оқиға қызу талқылануда. Бейнежазбада құс ашық тұрған көлік терезесінен күтпеген жерден ұшып кіріп, жүргізушінің басына қонып алғаны көрінеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жүргізуші болса, қауырсынды «қонақ» басында отырғанына қарамастан, рөлде сабыр сақтап, орнынан қозғалмай отырған.
«Басыңа бақыт құсы қонды» деген осы екен. Енді бақытты болам. Түспейді басымнан. Даладан келіп қонды, деді басына құс қонған көлік жүргізушісі.
Пікір жазған қолданушылардың айтуынша, бұл – абабил құсы болуы мүмкін. Кейбір дәстүрлерде мұндай кездесу ерекше белгі ретінде қабылданады. Сондықтан желі қолданушыларының бір бөлігі бұл жағдайды жақсылықтың нышаны деп бағалап, «мүмкін, бұл адамды Жаратушының өзі таңдаған шығар» деген пікір білдіруде.