$ 491.68  568.23  6.2

Қазақстанның 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

ТЖМ мәліметінше, 14 наурызда Қазақстанның 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

14 наурызда Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

ТЖМ мәліметінше, 14 наурызда Қазақстанның 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. 

  • Қостанай, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Жетісу облыстары: Кей жерлерде тұман күтіледі. Жетісу облысындағы Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

  • Қарағанды және Ұлытау облыстары: Тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда.

  • Ақмола облысы: Түнде және таңертең қар жауып, жаяу боран соғады, көктайғақ болады. Күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

  • Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары: Жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу боран және көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

  • Қызылорда облысы: Күндіз облыстың орталығы мен оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады.

  • Алматы облысы: Облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түсіп, желдің екпіні 18 м/с дейін күшеюі мүмкін.                                                                                                                                                                                           

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0